Атырауда қайықтан құлап, суға батып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2102

Атырауда балық аулауға шыққан 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Atyrau Online мәліметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 мамырда сағат 17:25-те Еркінқала ауылында болған. Балық аулауға шыққан 17 жастағы жасөспірім моторлы қайықтан өзенге құлап, суға батып кеткен.

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 19 құтқарушы, 5 техника және 6 жүзу құралы жұмылдырылған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері де тартылған – 8 адам, 3 техника және 1 қайық. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

БАҚ мәліметінше, 2007 жылы туған жасөспірім дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысқан және болашағынан үміт күттіретін спортшы болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...