Қазақстанда 3,9 мыңға жуық дәрігерлік орын бос тұр

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
27

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3,9 мыңға жуық дәрігерлік штат орны толмаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның 800-ден астамы ауылдық жерлерге тиесілі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Үкімет басшысының дерегінше, 2023-2025 жылдар аралығында дәрігер тапшылығы 20,4%-ға, ал ауылдық жерлерде 28,3%-ға азайған.

Өңірлерге мамандарды тарту үшін дәрігерлерге баспана мен қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында тапшы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 230 дәрігердің әрқайсысына 8,5 млн теңгеден берілген. Бұдан бөлек, 223 дәрігер баспанамен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ Үкімет медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен оларға берілетін кепілдіктерді айқындайтын жеке заң жобасын қарастырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада тұрғын үйдің маңында әйел адам пышақ жарақатынан қаза тапты. Күдікті ұсталды, деп хабарлайд...