Астана қаласы мәслихатының депутаттары «Әрекет ету уақыты» өзін-өзі басқару көшбасшыла...
Астананың сол жағалауымен танысқысы келетіндерге тегін экскурсия болады
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында және Астана қаласының 20 жылдығы күніне орай, 29, 30 маусым және 1 шілде күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Экскурсия «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығынан және «Hilton Astana» қонақ үйінен басталады.
Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде жүргізіледі).
Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.
Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99,
«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10:00 (қазақ тілінде);
- сағ. 12:05 (орыс тілінде);
- сағ. 14:45 (қазақ тілінде);
- сағ. 16:50 (орыс тілінде);
- сағ. 18:55 (қазақ тілінде).
Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Hilton Astana», «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Hilton Astana», Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.
«Hilton Astana» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10:00 (қазақ тілінде);
- сағ. 12:05 (орыс тілінде);
- сағ. 14:45 (қазақ тілінде);
- сағ. 16:50 (орыс тілінде);
- сағ. 18:55 (қазақ тілінде).
Ары қарай келесі аялдамалар болады: Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.
madeniportal.kz