Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Әзербайжан елінде оқыс оқиғаға ұшырады

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
853

Айтбек Амангелді Жаңа жыл мерекесін Бакуде және Шахдагта қарсы алғанын және сол сапарда жарақат алғанын жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Жаңа жылда біз достарымызбен Германиядан, Түркиядан және Қазақстаннан Бакуге ұшып келдік — сүйікті @zlatik33 досымызды қолдап, оған отбасының жылуын, жанашырлық пен демеуді сезіндіру үшін. Қарымта ретінде Злата бізге Баку мен Шахдагта нағыз дәмді де қызықты бағдарлама дайындап қойыпты, оның ішінде жаңа керемет танысулар да болды.
Шахдаг — шаңғышылар үшін ең тамаша трассалары бар тау шаңғысы курорты. Мен Шымбұлақта, Бурабайда және басқа да шаңғы тебетін орындарда талай рет болғанмын, бірақ көбіне жанкүйерлер мінберінде глинтвейн ұстап тұратынмын. Бұл жолы өзімді сынап көрейін деп шештім де, бәрі жақсы өтті… Өзімді трассалардың бірінде дөңгелекше аунап түскенге дейін «супер шаңғышымын» деп елестеттім", - деп жазды ол.

Соның салдарынан оның аяғы екі жерден сынған. 

"Қысқасы, қатты жылдамдық алып, «плуг» тәсілімен тежей алмай қалдым. Бір сәтте домалап ұшып кеттім, қатты ауырсыну сезілді, қар үстінде шалқамнан жаттым. Көзімді ашсам, шаңғылар мен таяқтар жан-жаққа шашылып жатыр. Орнымнан тұра бергенімде денемді қатты ауырсыну қысып кетті. Арада бір минут өтпей-ақ екі құтқарушы-шаңғышы жаныма жетіп келді. Мен соңына дейін жай көгеру шығар деп ойлап, қайта шаңғыға тұрып өзім түсіп кеткім келген. Бірақ жігіттер мені жата тұруға көндіріп, травмпунктке баруды ұсынды. Ол жерде рентген түсіріп, жақын маңдағы ауруханаға жіберу туралы шешім қабылданды — жол 40 минут. Аурухана, рентгендер, қорытынды: операция қажет… Қысқасы, трассадан травмпунктке дейін, одан әрі ауруханаға апарғанша аяқ ісіп кетті. Ісік 3–5 күнде қайтпайынша, ота жасауға болмайды. Дәл 4 күннен кейін мен Астанада боламын, ол жақта бәрі алдын ала келісіліп, дайындалып қойылған. Жалпы, қазір бәрі жақсы: сәл ауырады, жақында ота болады, ал әзірге белгісіз уақытқа дейін баяулап, тоқтай тұрамын — оның да өз пайдасы бар. Ең бастысы, жанымда бір қадам да алыстамай, көңілімді түсірмей жүрген қаншама керемет адам мен достар болды. Достарымыз — біздің байлығымыз!", - деді  Айтбек Амангелді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы Елдос Тоқтарбай Конституциядағы орыс тіліне қатысты норманы алып тастауды ұсынды, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған азаматтарды іздеу жұм...