Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы белгілі әзілкеш Нұрболхан Шараповпен болған даулы жағ...
«Баланы көрсетпеген»: марқұм Мәдинаның анасы немересімен кездесе алмады
әлеуметтік желіден
Жамбыл облысында қайтыс болған 19 жастағы Мәдина Рашидқызының анасы сегіз айлық немересін көре алмай жүр. Марқұмның бұрынғы күйеуінің отбасы баламен кездесу мәселесін сот арқылы шешуді ұсынған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Журналист Жан Ахмадиевтің мәліметінше, Мәдинаның анасы адвокатымен бірге немересін көруге барған. Алайда бұрынғы күйеуі Мадиярдың отбасы баланы көрсетпей, бұл мәселені сот арқылы шешу керегін айтқан.
Осы арада Мәдинаның өліміне қатысты сараптама аяқталғаны белгілі болды. Сарапшылардың қорытындысы дайын, бірақ оның мазмұны әзірге жарияланған жоқ.
Еске салайық, 19 жастағы Мәдина Жамбыл облысының Меркі ауданында өлі күйінде табылған еді. Бұған дейін оның құрбысына күйеуінің ұрып-соққанын айтып шағымданғаны хабарланған. Мәдина ажырасуды жоспарлап, бөлек баспана жалдау үшін құрбысынан 15 мың теңге қарыз сұраған.
Марқұмның артында сегіз айлық ұлы қалды. Оның өліміне қатысты істің мән-жайы анықталып жатыр.