Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасады (видео)

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
584

Алматыда ер адам 12 жастағы жасөспірімге шабуыл жасап, қолындағы гитарасын тартып алған. Полиция күдіктіні іздеп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға болған сәттегі видео Qumash Telegram арнасында жарияланды. Баланың анасының айтуынша, шабуыл жасаған адамның қолында пышақ болған. Жасөспірімнің жандаусын естіген дүкен сатушысы сыртқа жүгіріп шыққан. Алайда ер адам гитараны тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Баланың анасы дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты полицияға жүгінбеген. Алайда Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру бастады.

“Қазір оқиғаның барлық мән-жайын және оған қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады”, – деп мәлімдеді ведомство.

Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан баланың медициналық көмекке мұқтаж емес екенін айтты.

“Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы тарапынан психологиялық қолдау ұсынылды. Мен баланың анасымен байланыстамын”, – деді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Чандрапур округінде жолбарыстың шабуылынан төрт әйел қаза тапты. The Indian Express басылымының мәлі...

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі күйеубаласы жайлы жазба жариялады, деп хаба...