Қазақстанда Эминем мен Шакираның концерті өтеді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
855

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретінін растады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №5 комиссиясының отырысында «Спорттық құрылыстар дирекциясы» ЖШС бас директоры Есет Байтасов мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Бұл туралы Qaz365.kz жазды. Әртістердің өнер көрсетуі олардың Орталық Азия елдері бойынша туры аясында жоспарланған. Алдын ала мәлімет бойынша, қос жұлдыздың концерті 2026 жылы Алматының Орталық стадионында өтеді. Қазіргі уақытта тараптар іс-шараның нақты күндерін және техникалық талаптарын (райдерлерін) талқылап жатыр.

Айта кетерлігі, 2026 жылы Орталық стадионда футбол алаңы мен жеңіл атлетика жолдарының төсемін жаңарту жұмыстары да көзделген. Дирекция басшылығы ауқымды жөндеу жұмыстары мен халықаралық деңгейдегі концерттердің қалай қатар өтетінін әзірге нақтылаған жоқ.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...