Астана жайлы жағымсыз пікір айтқан блогер сырттай 8 жылға сотталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1501

Ресейлік блогер Илья Варламов сырттай 8 жылға сотталып, 99 млн рубль айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Мәскеудегі Мещан сотында блогер Илья Варламовқа қатысты шешім шығарды. Ол шетел агентінің міндеттерін орындаудан жалтару және РФ Қарулы күштері туралы жалған ақпарат тарату баптары бойынша айыпталды.

Тараптар жарыссөзі барысында прокурор оған 8 жыл бас бостандығынан айыру және 99 млн рубль көлемінде айыппұл жазасын сұрады.

Варламов 2023 жылдың наурызында шетел агенті ретінде танылған. 2024 жылдың мамырында оған әскерді «дискредитациялады» деген айып тағылды, ал қарашада материалдарға тиісті белгілер қоймау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ол 2024 жылы Түрікменстан азаматтығын алды. Сондай-ақ бір видеосында Астананы жайсыз қала деп сынға қалған еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...