Поляр шұғыласы қалай пайда болған?

Жаңалықтар
2472



Жершарының оңтүстік және солтүстік полюсында аспандағы жалт-жұлт еткен алуан түсті көріністерді көрген боларсыз. Оның пайда болу себебі – күн желінің жердің магнит өрісіне соқтығуынан туындаған. 

Бірінші, күн желін түсіндіре кетейік. Күннің сыртқы қабатындағы тәж қозғанда плазма атқылап, күннің магнит өрісімен бойлап жан жаққа ұшады. Бұл плазма электрон, протон сияқты зарядты бөлшектерден, иондардан тұрады. Бұны «Күн желі» дейді. Күн осындай плазмаларды атып шығарады. Күн желінің жылдамдығы секундтна 400 километр болғандықтан, кейде күннің тартылыс күші оларды толығымен ұстай алмай қалады. Әр секунд сайын 1.3x10(36) дана бөлшектер сыртқа сытылып шығып, күн секунд сайын 1 миллион тонна массасын жоғалтады. Осылай 150 миллион жыл атқылағанда, бір жершарының массасын жоғалтады екен. «Бір жершары массасын жоғалтады екен» деп алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі, күннің массасы 1300000 жершарының массасына тең келеді. 



Сөйтіп, күннен шыққан зарядты бөлшектер күннің магнит өрісін бойлай таралып, жоғары жылдамдықпен жершарының магнит өрісіне соқтығсып, оңтүстік және солтүстік полюстарына ағылады да жершарының атмосферасының жоғары қабатындағы газдармен әсерлеседі. Ең алдымен күн желі ағыны күшті келеді де, біртіндеп әлсірейді. Сөйтіп, біз поляр шұғыласын көреміз .

Поляр шұғыласы тек жершарында ғана емес, сатурн, юпитер сияқты планеталардың полярларында да бар.

«Ғылым – күш» тобынан


Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...