Назым Қызайбай қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді

ашық дереккөзі

ЖАҢАЛЫҚТАР
768

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Бұл туралы Tengri Sport жазды.

"Шынымды айтсам, шок болдым. Оның жекпе-жегін қатты күткенмін. Таңертең оянсам, жаңалық толып тұр. Қатты көңілім түсіп кетті. Мұнда да ішкі "саясат" бар сияқты. Білмеймін, мүмкін Жәнібектің дәл Ларамен бокстасқанын қаламаған шығар. Бәрі күткен еді. Мен Жәнібекті танимын. Меніңше, Жәнібек сияқты спортшылар ондайға бармас еді. Тіпті біз, әуесқой боксшылар да, артық немесе тыйым салынған ештеңе ішпейтінімізді білеміз, бірақ допинг тапсырғанда бәрібір қорқыныш болады. Ал оларда бәрі әлдеқайда қатаң. Ол ондай тәуекелге бармас еді деп ойлаймын. Өзі жеке ондай нәрсе ішпеген шығар. Мүмкін оның "аяғынан шалған" болар немесе қате кеткен шығар", - деді Назым.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілік күтпеген жаңалығын бөлісті....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге және басқа да құрылымдарға қауіпсіздік шарала...