Сүйіктісін балаларымен бірге өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1640

Сүйіктісін екі баласымен бірге өлтірген адам сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ер адам жәбірленушімен кездесіп жүрген. Кейін араларында туындаған келіспеушілік салдарынан жәбірленуші қарым-қатынасты тоқтатқан. Алайда сотталушы жәбірленушінің мазасын алып, оның пәтеріне кіріп, егер ол кездесуін жалғастырмаса бензин шашып өртейтінін айтып қорқытқан.

Өз өмірі үшін қауіптенген жәбірленуші сотталушыға бірінші некедегі балаларының ұйықтап жатқанын, өзінің донер жегісі келіп тұрғанын айтып, алдап, сотталушыны пәтерден шығарып жіберген. Кейін танысын көмекке шақырған.

Сотталушы жәбірленушінің танысымен бірге пәтерге кіріп кеткендерін көріп, ашуланып, қызғаныштан 5 литрлік бензинді жәбірленушінің балалары жатқан бөлмеге шашып, өртеп кеткен.

Салдарынан жәбірленушінің 10 жасар ұл баласы және 7 жасар қыз баласы пәтерде қаза болды. Ал жәбірленуші ауруханада көз жұмды.

«Сотталушы ҚК-тің 149-бабының 2-бөлігімен, 202-бабының 2-бөлігінің 1,5-тармақтарымен, 99-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 5,6-тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 5,6-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында екінші атом электр станциясының құрылыс ауданын талқылауғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...