Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ақын, айтыскер, Қазақстан...
Қазақстандық әйел бөтен адамның чемодандарын алып өтуге келіскен — Алматы әуежайында ұсталды
Ашық дереккөз
Бангкоктан келген рейстен кейін Алматы әуежайында каннабис сығындысы салынған екі чемодан анықталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, бұл жүкті елге 22 жастағы Қазақстан азаматы алып кірмек болған. Сот оны аса ірі мөлшерде есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу және заңсыз айналымға қатысу бойынша кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айырды.
Прокуратураның мәліметінше, бойжеткен ақшалай сыйақы үшін Таиландтан Қазақстанға ішінде каннабис сығындысы бар екі чемоданды жеткізуге келіскен. Тыйым салынған заттың жалпы салмағы 8,8 келіні құраған.
«Тергеу барысында қыздың ақшалай сыйақы үшін жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды Қазақстанға жеткізуге келіскені анықталды. Контрабанда Алматы әуежайына келген бойда әшкереленді», – деп хабарлады прокуратура.
Қылмыстық істі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот талқылауының қорытындысы бойынша айыпталушы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу және заңсыз айналымға қатысу бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар қадағалау органы әлеуметтік желілерде жиі кездесетін адамдарды заңсыз әрекетке тарту тәсілдеріне де назар аударды.
«Әлеуметтік желілерде таралатын "оңай табыс" пен тегін саяхат туралы ұсыныстар көбіне халықаралық есірткі тасымалы схемаларының бір бөлігі болып табылады. Қылмыстағы рөліне қарамастан, мұндай әрекеттерге қатысқан әрбір адам қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деп ескертті Бас көлік прокуратурасы.
Прокуратураның мәліметінше, сот үкімі заңды күшіне енген.