Қазақстандық әйел ұлттық паркте заңсыз ақша жиналып жатқанын мәлімдеді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
742

Қазақстандық әйел Іле-Алатау ұлттық паркінде экологиялық алымды жинау кезінде заңбұзушылықтар болғанын мәлімдеген, деп хабарлады  Мadeniportal.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бойжеткен Threads әлеуметтік желісінде резонанс тудырған жазба жариялады. Оның айтуынша, бекетте ресми QR-кодтың орнына ер адам тұрды, ол Kaspi арқылы аударым жасау үшін өз телефон нөмірін айтып тұрған.

"Бүгін біз Фурманов шыңына бардық, жолда экологиялық алымды төледік. Ақшаны қасымдағы жігіт төлегендіктен, мен қарсы айтуға үлгермедім. Бірақ бекетте тұрған ер адам Kaspi-ге аудару үшін өз нөмірін айтып жатты. Мен есептеп көрдім: егер күніне 100 адам оған 500 теңгеден жіберсе (ресми алым – 589 теңге), ол шамамен 50 мың теңге табады. Ал егер мың адам болса, бұл – 500 мың теңге. Бүгін адамдар көп болды".

Жазба әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, олар белсенді түрде пікір білдірді: "Олардың бәрі бекеттерде осылай ақша жасайды. Не чек, не басқа ештеңе жоқ"; "Уайымдамаңыз, ол ақшаны жалғыз өзі алмайды, әрқашан бастықтары бар"; "Нөмірі белгілі болса, КГД-ға заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша арыз жібере беріңіз".

Іле-Алатау ұлттық паркінің баспасөз қызметіне болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін сұрау салынды.

"Threads әлеуметтік желісінде туристің шағымы жариялануына байланысты Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бақылау-өткізу пунктінде жұмыс істеген қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізілді. Тексеру нәтижесінде қызметкердің өз міндеттерін тиісінше орындамағаны анықталды. Осыған байланысты ол қызметінен босатылды", – деп хабарлады ұлттық парк өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында екінші атом электр станциясының құрылыс ауданын талқылауғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...