Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенн 26 жастағы қазақстандық Әсем Әбубәкір табылды, деп хабарла...
Президент Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды
Фото: Ақорда
Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тәуелсіздік сарайына келген мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай сап түзеген Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.
Тәуелсіздік сарайында басталған жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр.