Қазақстандық меценатқа іздеу жарияланды

alatau-zhuldyzy.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1762

Еліміздің құқық қорғау органдары меценат және A class Medical компаниясының директоры Азамат Доланбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының HALYQSTAN телеграм арнасына берген ақпаратына сүйенсек, Доланбаев «ауыр қылмыс жасады» деген күдікке ілінген.

Медеу аудандық полиция басқармасы азамат Д.-ны адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іздестіріп жатыр. Оған іздеу жарияланды. Сот 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады. Күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабалады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Азамат Доланбаев А class Medical компаниясының директоры және меценат ретінде көрсетілген. 2020 жылы ол Талғар аудандық орталық ауруханасын 15 жылға сенімгерлік басқаруға алғанын айта кету керек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...