«Жаңа жыл мерекесіне орай мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға бола ма?» деген сұраққа оқу...
«Қазақстаннан көшем»: Марқұм Шерзаттың әкесі әлеуметтік желіде тараған видеоға пікір білдірді
Сурет SONA.KZ видеосынан скрин
Әлеуметтік желіде Талғарда қылмыс болған жердегі бейнебақылау камерасының жазбасы тараған, деп хабарлады madeniportal.kz Ұлысмедиаға сілтеме жасап.
Шерзаттың әкесінің пікірінше төбелестің видеосын әлдекімдер әдейі таратқан.
«Бәрін көріп отырмын. Әділетті шешім күткем. Әдейі таратып отыр видеоны. Қандай жағдай болса да айтайын. Мен қан төксем, мені қаралауға болады. Мен қан төккен жоқпын. Менің баламды анасының көзінше өлтіріп отыр. Одан басқа не дәлел керек оларға? Отбасымды қалай қорғауым керек сонда? Олар бірінші пышақпен келді ғой, мен сонда ручкамен шығуым керек пе? Жатып алып таяқ жеуім керек пе?»- дейді Қаржаубай Нұрымов.
Қаржаубай Нұрымов бұлай жалғаса берсе әділдікке сенбейтінін, тіпті Қазақстаннан көшуге мәжбүр екенін айтты.
«Енді мен әділдік болады дегенге сенбеймін. Баламнан айырылып, үйімнен айырылып отырғанда, енді келіп осылай жасап жатыр. Амал тек отбасымды аман-есен алып шығып кетуім керек. Қазақстаннан көшем»,- деді әкесі.