Жұмыс орнынан 2 келі гашиш табылған: Жамбылда полиция подполковнигі сотталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
490

Жамбыл облысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты істі болған полиция подполковнигі сотталды. Оның жұмыс орнынан екі келіден астам гашиш табылған, дп хабарлады MadeniPortal.kz.

Orda.kz мәліметінше, істі Жамбыл облысының Байзақ аудандық соты қараған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерін облыстық ҰҚК департаментінің мамандары ұстаған.

Тінту кезінде полиция қызметкерінің жұмыс орнынан салмағы екі келіден асатын гашиш тәркіленген.

Сот оны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда рақымшылыққа байланысты жаза мерзімі үштен бірге қысқартылды. Нәтижесінде полиция подполковнигі 4 жыл 8 айын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды.

Сонымен қатар сот оны арнайы атағынан айырды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларға күш қолданғаны түсірілген видео тарады. Белгіл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулау кезінде 1958 жылы туған ер адам суға батып кетті. Оны...