Кеше, 25 мамыр күні Қарағанды қаласының әмбебап ғылыми кітапханасында халқымыздың рухани-мәдени мұра...
Астана – Щучинск тасжолында рөлде ұйықтап кеткен жүргізуші жол апатына түсті
Фото: видеодан скриншот
645
Астана – Щучинск тасжолында рөлде ұйықтап кеткен жүргізуші жол апатына түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға "Астана" ақы алу пунктіне кіреберісте болған.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, жүргізуші рөлде ұйықтап кеткен. Салдарынан көлік үшінші және төртінші қозғалыс жолақтарының арасындағы жол инфрақұрылымы нысандарына соғылған. Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Жүргізуші көлікте жалғыз болған және медициналық көмектен бас тартқан.