ШҚО-дағы Үлкен-Нарын ауылының мектебінде балалар асханада берілген сорпадан құрт тауып алды. Ата-ана...
Қазақстан Samsung смартфондарын шығаруға ниетті
Фото интернеттен
Қазақстан танымал смартфондарды шығаруға ниетті. Бұл туралы Tengrinews сайтына сілтеме жасай отырып, Мәдениет порталы хабарлайды.
Қазақстан Оңтүстік Кореяға Samsung смартфондарын бірлесіп шығаруды ұсынды. Бүгінде ол – республикадағы ең танымал телефон.
«Бұл құрылғыларға сұраныс тұрақты түрде өсіп отыр, Қазақстан нарығының 50%-дан астамын оңтүстіккореялық бренд алып жатқанын ескере отырып, Қазақстанда смартфондардың бірлескен өндірісін құру мәселесі қарастырылып жатыр», – деп мәлімдеді цифрлық министрліктің баспасөз қызметі.
Мәлімдеулерінше, бұл жобаға серіктес таба алады.
«Қазақстанда дарынды жастар, университеттер және кешенді инновациялық экожүйе базасы бар, елде смартфондарды бірлесіп шығаруға болады», – деп қосты ICRIAP.