Коуч, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немересі туралы ерекше оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды M...
Әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге ерекше сыйлық табыстады
Фото: ЖИ
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Перудің аты аңызға айналған өнер иесі Ева Айльонмен кездесті. Әнші қазақ өнерпазына ерекше сыйлық табыстап, ақ батасын берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Димашты жылы қарсы алған перулік әнші оған қолтаңбасы қойылған музыкалық диск пен бойтұмар сыйлады. Сондай-ақ өнер иесіне шығармашылық табыс тілеп, алдағы концертіне сәттілік тіледі.
Ева Айльонның Димаштың өнеріне тәнті болғанына бірнеше жыл болған. Қос әнші алғаш рет 2019 жылы Нью-Йоркте жүздескен. Сол кезде перулік өнер иесі қазақстандық әншімен кездесу үшін өзінің концертін кейінге шегерген.
Ева Айльон бұған дейін анасынан айырылып, қайғыға батқан шағында Димаштың орындауындағы «S.O.S» әнінен жұбаныш тапқанын айтқан.
Араға жеті жылға жуық уақыт салып, қос өнер иесі Перуде қайта жүздесті.
Айта кетейік, 1 желтоқсанда Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясында Перудің астанасы Лима қаласында жеке концерті өтеді.