Астанадағы құлағалы тұрған стадионның құрылысына 15,2 млрд теңге кетеді

Фото: youtube.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1812

Есілдің оң жағалауындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысына 15 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалады, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап. 

Мемлекеттік сатып алу сайтындағы лот сипаттамасына сүйенсек:

  • Тапсырыс беруші: «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ;
  • Сипаттамасы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 14;
  • Жоспарланған сома: 15 228 082 539,89 теңге.

Индустрия және құрылыс министрлігі «Мемсараптама» РМК Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион құрылысының жобалық құжаттамасын қарау нәтижесінде оң қорытынды шығарғанын хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу сайтында өтінімдерді қабылдау 22 қазанда басталып, 6 қарашада аяқталған. Тендерді BiGlobal ЖШС жеңіп алды. Нысанның құрылыс алаңы 15 мың шаршы метрден асады. Стадион 3 600 адамға арналған, үш қабатты нысан болады. Құрылысы 16 айда аяқталады деп жоспарланған.

Негізі бұған дейін оның қараша айында бұзылатыны айтылған еді. Қазір ғимарат құлағалы тұр.

2020 жылдан кейін ол тіпті қауіпті деп танылды. Ғимараттың терезелері шағылған, ішіне қоқыс көбейіп кеткен. Ал жергілікті тұрғындар стадион аумағына жысырын кіріп-шығып жүр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...