Анасы мен екі баласы тірідей жанды: Ақтөбеде газ бекетіндегі апат туралы тың дерек

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
663

Ақтөбе облысындағы автогаз құю бекетінде болған қайғылы жағдайдан кейін күдікті қамауға алынды. Кешен қожайыны қазір уақытша ұстау изоляторында отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жеңіл көліктің өртену дерегіне байланысты құқық қорғаушылар қылмыстық іс қозғады. Тілсіз жау үш бірдей адамның өмірін жалмады. Қызыл  жалын ішінде бір әйел мен екі кәмелетке толмаған бала ажал құшқан.

Құзырлы орган өкілдері ауыр апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайын толық анықтауға кірісті. Осы мақсатта кешенді тергеу амалдары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Өңірлік полиция департаментінің басшылығы бұл істі тікелей өз бақылауына алды.

 

Шоу-бизнес

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ләйсирә Марат суррогат ана арқылы дүниеге келген балалар...

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде Аша Матайдың күйеуі, әнші Арман Қоңырдың Қытайда өзге қызбен бірге жүргені туралы...