ҚазҰУ-дегі екі өлімнен кейінгі тағы бір қайғылы жағдай: полиция тергеуді бастады

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
631

Алматыда студент қыздың өзіне дене жарақатын салу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алайда оқиғаның әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болғаны ресми түрде расталған жоқ, деп хабарлайдыMadeniPortal.kz. 

Әлеуметтік желілерде КазҰУ-дың механика-математика факультетінде оқитын студент қыздың өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ бойжеткеннің №12 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, оқу орындарының бірінде студент қыздың өзіне жеңіл дене жарақатын салу дерегі тіркелген. Оған медициналық көмек көрсетілген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Алайда полиция оқиғаның нақты қай оқу орнында болғанын жарияламады.

Ал КазҰУ баспасөз қызметі университет аумағында осындай оқиға болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оқу орнының өкілдері бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеген.

Айта кетейік, қараша айында КазҰУ-де екі студенттің қаза табуына байланысты қайғылы жағдайлар тіркелген болатын. 6 қарашада журналистика факультетінің бірінші курс студенті көз жұмса, 16 қарашада география және табиғатты пайдалану факультетінің студенті қайтыс болды. Екі жағдай бойынша да полиция қылмыстық істер қозғаған.

Осы оқиғалардан кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі университетте кешенді тексеру басталғанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматының қарқынды дамуы мен жас тұрғындардың сұранысы заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға жаңа м...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда жүк көлігіне тиелген 40-қа жуық жылқы жол үстінде өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Made...