Бас прокурор қауіпті телеграм арналар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қаза...
Қолқа аневризмасы жарылған: Алматылық дәрігерлер Италиядан келген туристті аман алып қалды
Фото: freepik
786
Алматылық дәрігерлер Италиядан келген туристті аман алып қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанға турист ретінде келген Италия азаматы Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасына жедел түрде жеткізілген.
Тексеру барысында дәрігерлер контрастпен компьютерлік томография жасап, аса қауіпті диагноз – қолқаның инфрареналдық бөлігіндегі аневризманың жарылуын анықтаған.
Дәрігерлер шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдап, пациентке жасанды қантамырлық протез орнатқан. Күрделі ота шамамен 4 сағатқа созылған.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты.