Талдықорғанда жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті: әйел оқиға орнында көз жұмды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
423

15 мамыр күні Талдықорғанда жолаушылар автобусының қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Әйел оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Isuzu маркалы автобус жүргізушісі Назарбаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Марқұмның екі кішкентай баласы қалғаны белгілі болды.

Полиция департаменті жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автобус арнайы тұраққа қойылып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полицияның мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

PESTEL

Жер сілкінісі салдарынан үш жарым мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл туралы ел билігі мәлімдеді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында жұбайының мазасын алып, қайта-қайта қоңырау шалған ер адам 10 тәулікке қамауға алын...