Қосшы астанаға қосыла ма – қала әкімі жауап берді

Жаңалықтар
601

Астана қаласының дамытудың бас жоспары бекітілді. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Қосшының қалаға қосылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Биыл қаңтарда 2035 жылға дейін Астана қаласының дамытудың бас жоспары бекітілді. Сондықтан осы құжат негізінде мәлімдеме жасай алмаймын. Құжатқа сәйкес, осы кезеңде Қосшыны Астана қаласына қосу жоспарланбаған. Жалпы алдағы уақытта біз (Астанаға) жақын орналасқан елді мекендерді қалаға қосу жоспарда жоқ. Біз Ильинка, Үркер елді мекендері қалаға тиіп тұрғанын білеміз. Олар бір елді мекен, ортасын жол бөліп тұр. Ильинкада тұратын балалар Үркерде оқып жатыр. Қазір біз Ильинкада 2 мектеп салып жатырмыз. Себебі, онда 30 мыңнан аса адам тұрады. Жалпы бұл бір елді мекен. Алдағы уақытта осындай мәселе туындауы мүмкін (елді мекенді қалаға қосу). Алайда қазір ресми түрде ондай құжат жоқ, - деп жауап берді Астана әкімі.


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...