Қаржылық мониторинг агенттігі жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмек...
Қостанайда дүкеннен алған кәмпиттің ішінен құрт-құмырсқа шыққан
Фото: Pixabay
Қостанайда супермаркеттен сатып алған кәмпиттің ішінен құрт-құмырсқа тапқан әйел сотқа арызданып, моральдық өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Анықталғандай, әйел қаладағы супермаркеттердің бірінен кәмпит сатып алған. Үйіне барып, ертесі күні қаптаманы ашқанда, кәмпиттің ішінен зиянкес жәндіктер шыққан. Уәкілетті органға жүгінгеннен кейін кәмпиттердің паразиттермен зақымданғаны расталған. Қала тұрғыны өзіне келтірілген моральдық азапты, жиіркеніш пен уайымды, сондай-ақ балаларының алдында өзін кінәлі сезінгенін атап өтіп, 2 млн теңге өтемақы талап еткен.
Сатушы сапасыз тауар сатылғанын мойындаған, бірақ денсаулыққа зиян келтірілгені туралы дәлелдің жоқ екенін алға тартып, өз еркімен 200 мың теңге төлеуге дайын екенін білдірген.
Қостанай қалалық соты денсаулыққа зиян келтірілмегенін, сатушының кешірім сұрағанын және арызданушының шығындары ерікті түрде өтелгенін ескеріп, моральдық өтемақыны 2 млн теңгеден 250 мың теңгеге дейін төмендетуді орынды деп тапқан.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.