ШҚО-да адамдар мінген қайық аударылып қалды

Фото: видеодан скииншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1337

Шығыс Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аударыоып қалған қайықтан төрт адамды құтқарды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Алтайка ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасынан қайықта болған төрт адамның төңкеріліп, борт сыртында тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Алдымен адамдарды оқиға орнынан байқап, өз қайығына мінгізген балықшы көмек көрсеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері азаматтарды катерге ауыстырып, жағаға қауіпсіз жеткізді. Зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж болмаған, - делінген ақпаратта.

Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды немесе желді ауа райында суға шығарда барынша сақ болуға шақырады. 

PESTEL

Угандада мектеп оқушыларын алып бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, кемінде 21 адам, оның ішінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...