Қостанайда ер адам қызғаныштан әйелін атып өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
555

Қостанайда қызғаныштан ажырасып кеткен әйелін атып өлтірген ер адам сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Наурыз айында ер адам қызғаныштан аңшылық мылтықпен бұрынғы әйеліне басы мен кеуде тұсына көздеп екі рет оқ атқан.

Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Одан кейін сотталушы оқиға орнынан кетіп қалып, өз еркімен полицияға барып, кінәсін мойындаған.

Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

ӘДЕБИЕТ

Ештеңе өнген жоқ Салман Рушди (алғашқы есім-сойы Ахмед Салман Рушди Ahmed Salman Rushdi...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 10 қазанда өткен Қайрат Нұртастың концертіне сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқса...