Павлодарда тойға келген қонақтар сұмдық жағдайға тап болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2368

Павлодардағы мейрамханалардың бірінде Қыз ұзату кешіне жиналған қонақтар тамақтан уланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Аурухана қызметіне 29 адам жүгінген. Оның 15-і ауруханаға жатып, ем қабылдауына тура келді.

«Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың жалпы инфекция бөлімшесіне қаладағы мейрамхананың бірінде болған шараға қатысқан бір топ адам бактериялық ішек инфекциясының клиникалық көрінісі бар белгімен жүгінді», деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство ауруханаға жатқызылғандардың жағдайын орташа дәрежеде деп бағалады. Медициналық көмекке жүгінгендердің арасында жүкті әйел мен бір бала бар екені белгілі болды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан Астанаға ұшып бара жатқан ұшақта бір мезгілде үш жолаушының денсаулығы сыр берді. Абырой...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Байқоңырда полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, дене жарақатын салған 17 жастағы жасөспірімге қат...