Қостанайда сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты

Фото: el.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1752

Сырғанақты бұзу кезінде құлаған ер адамның көпеген сүйегі сынған және бұл фактіні Қостанай облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан адам қаза болған оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, –  деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы пациенттің ауруханаға жатқызылғаннан кейін көз жұмғанын нақтылады.

13 ақпанда сағат 19:22-де Қамысты аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1966 жылы туған науқас жеткізілді. Диагноз «Көп жерден омыртқа мен жамбас сүйектерінің сынуы» және «1-2 дәрежелі жарақаттық шок». Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Тексеру және емдеу медициналық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде науқастың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Өкінішке қарай, сағат 22:40-та науқас көз жұмды, – деп хабарлады дәрігерлер. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

LRT іске қосылғаннан жолаушылар саны 180 мыңға жетті. Кеше 100 мың жолаушы болды. Бұл туралы CT...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қараусыз қалған...