«Қара жорғаны іш киіммен билеген»: Тойдағы бассыздық елдің ашуына тиді

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1200

Алматыда мейрамханалардың бірінде түсірілген видео желіде қызу талқыланып, жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлеуметтік желіде жылдам тарап кеткен видеоның кадрларында бірнеше ер адам ішкиіммен сахна ортасында «қара жорғаны» билеп жүргенін байқауға болады. Оқиға тойда өткен конкурстардың бірінде болғаны байқалады. 

Көрініс көпшіліктің ашуын туғызды. Пікір білдірушілер тек сын айтуда. «Осыны тоқтататын бір ақылдау адам табылмады ма?», «Ұятсыздықтың деңгейі шектен шықты» деп жазып жатыр. Кейбірі мұндай «ойын-сауыққа» асабаларды жауапты санап, «ұлттық биді қорлау» деп бағалаған.

Қоғам белсенділері мұндай роликтер той мәдениетінің қай бағытқа кетіп бара жатқанын көрсететінін айтып, ұйымдастырушыларды да, мейрамхана иелерін де тәртіп пен этиканы қатаң қадағалауға шақырады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...