Депутат алаяқтық бабымен 6 жылға сотталды

Фото: Ашық дереккөзден

Жаңалықтар
644

Ақтөбедегі №2 сотта аудандық мәслихат депутатына қатысты алаяқтық жасады деген айыппен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Соттың Telegram-дағы арнасындағы жарияланған мәлімет бойынша, депутат бірнеше рет аса ірі көлемде алаяқтық жасады (Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы) деп айыпталған. Сотта екі эпизод қаралды.

Бірінші эпизод бойынша, 2020 жылы шаруа қожалығының басшысы ретінде ол Аграрлық несие корпорациясымен 780 млн теңге несие алумақсатында 1200 бас ірі қара мал сатып алуға келісімшарт жасаған.

Сонымен бірге ол шаруа қожалығында жоқ ірі қара малды кепіл мүлкі ретінде көрсетіп, сол арқылы кепіл мүлкінің болуы жағынан жалған ақпарат берген.

Айыпталушы 390 миллион теңге қаражатты алып, оны туысының шаруа қожалығының шотына аударған. Одан кейін 290 миллион теңгені өзінің есеп айырысу шотына, қалғанын шаруа қожалығының есеп айырысу шотына аударған. Содан кейін ол қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланғаны белгілі болды.

Екінші эпизодта олар сотқа 2021-2022 жылдар аралығында ірі қара малы болмаса да, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлерін малдың бар-жоғына қатысты жаңылыстырған, айыпталушылар субсидия алу үшін жалған өтініш берген.

«Кейін 67 миллион теңге көлеміндегі қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған, сөйтіп ауыл шаруашылығы басқармасына материалдық шығын келтірген.

Сот айыпталушының кәмелетке толмаған 4 баласына байланысты қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды», - деді Ақтөбе облыстың сотының хабарламасында.

Сот үкімімен депутат Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған ұйымдық, әкімшілік және қаржылық байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...