1940 жылы әскерге кетіп, алдымен Финн соғысына, кейін ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан солдат Қайырж...
Шиеліде 16 жасқа толмаған қызды өлтіріп денесін каналға тастаған ер адам сотталды
ЖИ көмегімен жасалынған
Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды өлтіріп, денесін каналға тастаған ер адамға сот үкімі шықты. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға биыл маусым айында Шиелі ауданында болған. 16 жасқа толмаған Балсұлу Өмірзақ 2 маусым күні кешке үйінен шығып, қайта оралмаған. Бір күннен кейін оның денесі Жақаев каналынан табылған.
Көп ұзамай полиция қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғынды қамауға алды. Тергеу барысында оның кінәсі жиналған дәлелдермен расталған. Сот отырысында айыпталушы кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұраған.
Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы – көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру бойынша қаралды. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуді белгіледі. Сонымен қатар одан жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн теңге моральдық зиян өндірілетін болды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.