Құмар ойынға 180 млн теңге салған: Алматы облысында сот орындаушылары әшкере болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
83

Алматы облысында жеке сот орындаушыларының құмар ойындарға ірі көлемде қаражат жұмсағаны анықталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қазақпарат жазды.Прокуратура мәліметінше, тексеру барысында олардың ойын шоттарын жүйелі түрде толықтырып отырғаны белгілі болған. Аударылған қаражаттың жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтаған.

Жеке сот орындаушыларының бірі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, ал тағы бірі 26 млн теңгеаударған.

Алматы облысының прокуратурасы мұндай әрекеттердің кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келетінін және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер ететінін мәлімдеді.

Анықталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Алматы облысының Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды. Қазір кінәлі тұлғаларға қатысты заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі қаралып жатыр.

Шоу-бизнес

Блогер Айым Сейтметова жұбайы Талғатпен ажырасып кеткенін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін, 20 тамыздан бастап Қазақстанда ұялы байланыс саласына қатысты бірқатар жаңа талап күшіне енді...