Павлодарда жүргізуші аялдамаға соғылды: екі адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
332

Павлодарда Mitsubishi Carisma көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қағып, кейін жарық бағанына соғылып, автобус аялдамасын қиратқан, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жол-көлік оқиғасы 29 маусым күні Павлодар қаласындағы Н. Назарбаев даңғылында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Кейін жарық бағанына және автобус аялдамасына соғылып, салдарынан көлік аударылған», – деп хабарлады қалалық полиция.

Оқиға салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.

Аталған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып жатыр.

Шоу-бизнес

Продюсер, "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Айнұр Жүгін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдай Ақмола облысы Целиноград ауданындағы суға толы карьерлердің бірінде болған. Отбасылық...