"Құны – 1380 теңге": Сәкен Майғазиев ұлының тойының онлайн трансляциясын сатып жатыр

Коллаж: Stan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1366

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын көргісі келетіндерге үндеу жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өзі уәде еткендей онлайн тойға тіркелуге болатын сілтемені жүктеді. 

"Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркеу басталды", – деп жазды Майғазиев.

Одан кейін ұйымдастырушылар қандай арнаға тіркелеу керегін егжей-тегжейлі түсіндірді. 

“Майғазиевтер отбасында үлкен қуаныш. Әділет пен Әдияның үйлену тойының онлайн трансляциясы. Біз жабық Telegram арнасын аштық. Ол жерде тойдағы ең қызық әрі жарқын сәттерді тамашалауға болады. Осы ерекше күнді бізбен бірге атап өтетініңізге қуаныштымыз”, – деп жазды той ұйымдастырушылары. 

Айта кетейік, онлайн тойдың бағасы да жарияланған. Қалтаңызда 1380 теңге болса тойға қатыса аласыз. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте қатыгездікпен өлтірілген 21 жастағы Нұрай Серікбайдың қырық күндік асы берілді, деп хабарл...

ТАРИХ

Түркістан қаласының тарихы әлі өз құпиясын ашпай келе жатқан күрделі де қиын рухани қазына.Бұл қазын...