Қоқыс тастауға шығып, із-түссіз жоғалған жасөспірім 1 айдан кейін табылды

Фото: facebook.com/baan.akimbaeva

ЖАҢАЛЫҚТАР
1778

Алматыда қоқыс тастауға шығып, із-түссіз жоғалған жасөспірім бір айдан кейін табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

16 жастағы Айдос Әкімбаев 28 шілде күні Мамыр-3 шағын ауданындағы үйінен қоқыс тастау үшін шығып, жоғалып кеткен еді. Жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрады. 

Бүгін, 22 тамыз күні жасөспірімнің анасы Баян Әкімбаева желіде жазда жариялап, ұлының табылғанын мәлімдеді. 

“Баламды таптым. Айдосым қазір жанымда. Барлықтарыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Отбасыма, жақындарыма, әріптестеріме және достарыма. Құдайға шүкір”, – делінген жазбада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысы Арқалық қалалық соты жергілікті тұрғын, «Арайлы Арқалық» YouTube арнасын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірім суға батып көз жұмды. Қайғылы оқиға 9 маусым күні кешкі уақы...