Жезқазғанда ұрлық жасаумен айналысқан егде жастағы ағайынды күдіктілер ұсталды

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2099

Жезқазған қаласында бірқатар ұрлыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында 63 және 59 жастағы ағайынды екі тұрғын анықталып, қамауға алынды.

Тергеу барысында олардың 2025 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында дүкендерден, сұлулық салондарынан және тұрғын үйлерден ақша, ұялы телефон, банк карталары мен бағалы заттарды ұрлағаны белгілі болды.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 1,5 миллион теңгеден асты. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметі тұрғындарды жеке мүліктерін қараусыз қалдырмауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...