Қырғызстан мектептерінде жаңа оқу жылы 15 қыркүйекте басталады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
735

Қырғызстандағы жалпы білім беретін мектептерде жаңа оқу жылы 15 қыркүйекте басталады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Республика Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының басталуын екі аптаға кейінге шегерді.

Министрліктің мәліметінше, мұндай шешім Қырғызстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер саммитінің өтуіне, сондай-ақ Қырғыз Республикасының тәуелсіздігінің 35 жылдығын мерекелеуге байланысты қабылданған.

Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының толық орындалуын қамтамасыз ету үшін мектептердегі оқу процесін ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді.

Жоғары сынып оқушылары үшін оқу жылы барысында қосымша сегіз оқу сенбісі ұйымдастырылады. Сенбі күнгі сабақтар шамамен айына бір рет өткізілмек.

Қай сенбі күндері сабақ өтетіні туралы шешімді мұғалімдер мен ата-аналардың ұсыныстарын ескере отырып қабылдау ұсынылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) негізін қалаушы Нұрасыл Медеу оқу орнын мемлекетке сыйға б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы “Аяжан” жекеменшік клиникасында жалған медициналық құжаттар берілуі мүмкін де...