Ақтөбе облысында жоғалған балықшылардың жағдайы белгілі болды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
206

Ақтөбе облысында екі адам 14 желтоқсан күні жоғалып кеткен еді. 16 желтоқсанда Темір ауданындағы өзеннен балықшылардың денесі табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

53 жастағы Владимир Курдюков пен 21 жастағы Михаил Дула 14 желтоқсан күні таңғы сағат 4-те балық аулауға шығып, жоғалып кеткен. Оларға әріптестері мен туыстары хабарласқанымен, олар қоңырауды көтермеген. Кейін туыстары еріктілерден жәрдем сұрады.

«Алдын ала болжам бойынша, «Нива» автокөлігі көпірден жоғары жылдамдықпен кетіп жатып, суға құлаған, Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

 

Шоу-бизнес

Отандық танымал актриса әрі блогер Жұлдызай Дүйсенбиева Уәлибек Әбдірайымовқа қатысты қызықты оқиған...

Ауа райы

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық қ...