2 млрд теңгеден астам заңсыз табыс тапқан «Kizdar. net» ұйымдастырушылары ұсталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
583

2 млрд теңгеден астам заңсыз табыс тапқан «Kizdar. net» ұйымдастырушылары ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, 2011 жылдан бері сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.

«Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, соттың санкцияларымен қамауға алынды», - делінген мәлімдемеде.

Тінту барысында ірі сомада ақша, цифрлық активтер, компьютерлік техника тәркіленді.

Алдын ала анықталғандай, заңсыз табыс 2 млрд теңгеден асады.

Іс барысы Алматы прокуратурасының ерекше бақылауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіннің анасы қызынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарл...