Қытай билігі Қайрат Нұртасқа танымал хитін орындауға рұқсат бермей қойды

Фото: instagram/kair_n

ЖАҢАЛЫҚТАР
2350

Қайрат Нұртасқа Қытай билігі танымал хитін орындауға рұқсат бермей қойды, дкп хабарлайды Madeniportal.kz.

Бұл туралы әншінің продюсері және анасы Гүлзира Айдарбекова айтты. Айдарбекова Қытайлық данкүйерлердің Қайратты жылы қабылдайтынын, алайда концерт өткізудің өзіндік ережелері барын атап өтті. Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, қытайлық билік әншіге “Ауырмайды жүрек” атты танымал әнін орындауға рұқсат бермеген. 

“Егер тексеруден өтпеген әндер айтылып, фонограммамен кетсе, концертті тоқтатып, ұйымдастырушыға қомақты айыппұл салынады. Біздің алдымызда 2-3 әншінің концертін солай тоқтатқан екен. Әрбір әннің сөзін тексеріп, ұйғыр халқының қатты күткен “Ауырмайды жүрек” және тағы 3-4 әнді орындауға рұқсат бермеді. Жанды дауыста айтылу жағы да тексерілді”, - дейді продюсер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Нью-Йоркте өткен фина...