Нұрсұлтан Назарбаев Кремльде Владимир Путинмен кездесті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1553

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Видеокадрлар Кремльдің ресми Telegram-арнасында жарияланды.

«Кремльде Владимир Путиннің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі өтті», – делінген хабарламада.

Кездесу РФ президентінің кремльдік апартаменттерінің асханасында өтті.

«Мұндай дастарқан – үлкен сенімнің және тамаша қарым-қатынастың белгісі. Бұған дейін мұндай құрметке, атап айтқанда, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко ие болған», – деп жазады ТАСС.

Кездесудің егжей-тегжейі келтірілмейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желіде өмірден мезгілсіз өткен ұлына туралы жазба жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында көшелердің бірінде автокөлік өртенді. Қызмет орнына бара жатқан СОБР қызметкерлері...