Ертең ауа райы қандай болады?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2161

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 23 желтоқсанда ауа райы республиканың көп бөлігінде құбылмалы болады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ғана антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, көктайғақ болады деп болжанады.

Астанада күн бұлтты, аздап қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: −13 -15°С, күндіз: -7 -9°С.

Алматыда түнде бұлтты, аздап қар жауады. Күндіз күн алабұлтты болып, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: -12 -14°С, күндіз: -5 -7°С.

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -12-14°С, күндіз: 0+ 2°С.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...