Қытай Мадуро мен оның жұбайын дереу босатуға шақырды

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
902

ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин сейсенбі күні Вашингтонның Венесуэладағы әскери операциясына байланысты халықаралық қатынастардың тұрақтылығына нұқсан келтіргенін мәлімдеді, деп хабарлады  MadeniPortal.kz «Синьхуаға» сілтеме жасап.

«АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроның мемлекет басшысы ретіндегі мәртебесін елемей, оған қатысты ашық түрде қудалау жүргізіп, өз сотында “сот процесі” деп аталатын істі ұйымдастырды. Бұл Венесуэланың мемлекеттік егемендігін өрескел бұзып, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын әлсіретті», — деді Бейжің өкілі кезекті ведомстволық баспасөз мәслихатында.

Мао Нин бірде-бір ел өз ережелерін халықаралық құқықтан жоғары қоя алмайтынын атап өтті.

Ол сондай-ақ: «Қытай АҚШ-ты президент Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті дереу босатуға және олардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады», — деді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...