2025 жылдың 29 наурызы, сенбі күні солтүстік жарты шардың тұрғындары күннің жартылай тұтылуын бақыла...
Қытайға ұшатындар әуежайға 3 сағат бұрын келуі керек: жаңа ереже
Ашық дереккөз
Қытайға баратын немесе Қытайдан ұшып шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға әуежайға алдын ала келу ұсынылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Қазақстанның алғашқы бюджеттік әуе компаниясы FlyArystan баспасөз қызметі хабарлады.
Ескерту Қытайда 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап елге кіру және одан шығудың жаңартылған ережелері күшіне енуіне байланысты жасалып отыр.
Жаңа талаптарға байланысты иммиграциялық бақылау кезінде құжаттарды тексеру рәсімі әдеттегіден ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.
FlyArystan жолаушыларға сапар алдында қажетті құжаттардың бар-жоғын және жарамдылық мерзімін, соның ішінде төлқұжаттың жарамдылығын алдын ала тексеруді ұсынды. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасына кіру және одан шығуға қатысты қолданыстағы талаптармен танысу қажет.
Әуе компаниясының мәліметінше, жолаушылар рейске дейін кемінде 3 сағат бұрын әуежайға келуі керек. Бұл паспорттық және иммиграциялық бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим сақталады. Қазақстан азаматтары Қытай аумағында бір сапар аясында 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады.