Павлодарда анасының 4 айлық нәрестесіне жасаған сұмдығы әшкере болды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2224

Павлодарда анасы небәрі 4 айлық нәрестесін ұрып, жазым ете жаздаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Салдарынан кішкентай сәби ауруханадан бір-ақ шыққан.

Тексеру барысында сәбидің миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болған. Дәрігерлер полицияға баланың соққыға жығылғанын баяндаған. Тәртіп сақшылары баланы анасының ұрып соққанын анықтады. Қазір нәресте жетімдер үйіне тапсырылды. 4 айлық баланың кәмелет жасына толмаған ағасы да өңірдің балаларды қолдау орталығына берілді. Ал анасы психологиялық ауытқуына байланысты ауруханада ем алып жатыр.

"Баланың заңды өкіліне қатысты Қылмыстық кодекстің 106 бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Бұл денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы. Ал баласын соққан анаға қатысты сот өтетін болады. Онда ананы ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы жақсы. Өсіп келеді", - дейді Павлодар облысы бойынша балалар құқығын қорғау жөніндегі жедел уәкіл.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...