41 млн теңге: Алматыда мектеп бітіру кешіне қатысты шу шықты

Фото: Depositphotos

ЖАҢАЛЫҚТАР
1034

Алматыда мектеп бітіру кешіне қатысты шу шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

Мектепті бітіруге дайындалып жатқан оқушылардың бірінің анасы әлеуметтік желіде жазба қалдырып, қомақты қаражат жиналып жатқанына шағым айтқан.

Ол жариялаған видеоүндеуге сәйкес, 138 оқушыдан ұйымдастырушылар бас-аяғы 41 миллион теңге жинамақ болған. Оның ішінде 9 миллион теңгені шоу-бағдарламаға жұмсау көзделген.

Оқу-ағарту министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді.

Ведомствода осы мәселе бойынша алдын ала тергеу жүргізілгенін хабарлады.

Қаражат жинау бастамасы ата-аналар тобынан туындағаны және ата-аналардың бейресми чаттарында талқыланғаны анықталған.

Мектеп директоры қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және заңсыз қаражат жинаудың алдын алу үшін тиісті бақылаудың болмауы үшін тәртіптік жазаға тартылды.