Қызылорда тұрғыны көлікте жалғыз қалдырған үш жасар баласынан көз жазып қалды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
835

Қызылорда облысында полицейлер адасып кеткен үш жасар баланы әкесімен қауыштырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Басылым тілшісінің хабарлауынша, Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Керимхан Аппазов пен ювеналды полиция тобының инспекторы Бекзатхан Тоханов қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде ата-анасының қарауынсыз жүрген үш жасар баланы байқаған.

Полицейлер баланың ата-анасын жедел іздестіре бастаған. Көп ұзамай баласын жоғалтқан әкені тауып, баламен аман-есен қауыштырды.

"Тексеру барысында белгілі болғандай, баланың әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен сәтте бала көліктен түсіп кеткен. Әкесінің көлігінен алыстап кеткен балақай адасып қалған",- делінген ақпаратта.

Қырағылық пен жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне баланың ата-анасы алғыс білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...